​Мейіржан Төребаев: Тоқал алсаң бақытты боласың деген сөз жоқ

0

​Мейіржан Төребаев: Тоқал алсаң бақытты боласың деген сөз жоқ

Белгілі вайнер, актер Мейіржан Төребаев Время басылымына сұхбат беріп, шығармашылығы мен отбасы жайлы сырымен бөліскен.


 
Актер вайнерлерінің көпшілігін келіншегі Дана Есеевамен бірге түсіреді. Онда олар найман әйелі мен әйелінің айтқанынан шықпайтын күйеуінің рөлін сомдайды. Бірақ өмірде олай емеспіз дейді актердің өзі.
 
«Әйелімнің найман екені рас. Бірақ наймандар туралы қоғамдағы түсінік стереотип қана. Біз осы тақырыпта түсіретін вайндар өтімді. Сол вайндардың арқасында пәтерлі болдық. Келіншегім бизнеспен айналысады. Қолы бос кезде вайн түсіреміз»-деген актер журналистің тоқал туралы сұрағына да жауап берген.


 
«Тоқал алатын ойым жоқ. Өзімнің жұбайымды жақсы көремін. Үш баламыз бар. Төртіншісін күтудеміз. Құранда төрт әйел алуға рұқсат етілген. Бірақ төрт әйел алсаң бақытты боласың деген сөз жоқ»-дейді Мейіржан.


 
 

http://inform.kz