Мейіржан Ходжимурат найза лақтырудан Қазақстан рекордын жаңартты

Спорт
Қысқа сілтеме алу
Енді Қазақстандағы найза лақтыру рекорды 17 жастағы ақтаулыққа тиесілі
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым — Sputnik. Мейіржан Қожамұрат жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында рекорд орнатты.
Ақтаулық спортшы найзаны 53, 25 метрге лақтырды. Бұл – елдегі жаңа рекорд, деп хабарлайды Лада.кз.
Оны бір жарым жыл бойы Маңғыстау облысының жеңіл атлетика бапкері Әсия Рабаева жаттықтыруда.
«Біз бұл рекордты орнату үшін тынымсыз еңбектендік. Қолымыздан келді», — деді Әсия Рабаева.
Сондай-ақ, Мейіржан Қожамұрат ядроны 13, 67 метрге лақтырып, үшінші орынға ие болды.
sputniknews.kz