«Медведев пен Путин — шизофрениктер» — Гудков

0
104

Мемлекеттік Дума депутатына «Медведевтің ішімдікке қатысты үлкен проблемасы бар ма?» деген сұрақ қойылды.
Мемлекеттік Думаның депутаты Геннадий Гудков Кремль элитасының, атап айтқанда Дмитрий Медведевтің ессіздігі туралы айтты.  Ол мүлдем есінен адасқан.
FreeDom жобасының эфирінде Гудков Медведевтің өзі өшіріп тастаған және Грузияның мемлекеттігіне күмән келтірген жазбасын еске алды.

«Бұл қандай да бір емдік әсердің, қандай да бір емдеу курсының нәтижесі болуы мүмкін», — дейді Мемлекеттік Думаның депутаты.

Оның пайымдауынша, қазір Путин Украинадан кек алу, былайша айтқанда, оны бағындыру туралы маникальды идеяны жүзеге асыруда. 

«Бұл таңғалатын жағдай емес. Қаншама жыл Путиннің қолшоқпары болған соң, бұл идеяны ол да жүзеге асырғысы келген болу керек. Меніңше, бұл психиатриялық синдром, шизофрениктерде жиі түрлі иллюзия туады, кейін олар иллюзияны шындыққа айналдырып, соған сенеді. Путин мен Медведевте де сондай нәрсе болған», — дейді Гудков.

Сондай-ақ Мемлекеттік Дума депутатынан «Медведевтің ішімдікке қатысты үлкен проблемасы бар ма?» деген сұрақ қойылды.  Ол бұл ақпаратты растаған да, жоққа да шығарған жоқ.

«Ол өз жасына сай емес, тым кәрі әрі әлсіз көрінеді», — дейді Гудков.

Журналистердің айтуынша, Ресей Федерациясының бұрынғы президенті өз-өзіне қол жұмсамақ болған.  Күзетші Дмитрий Медведевті мас күйінде және қолында қарумен тапқан-мыс.

Ақпарат: Unian.net, фото: Sergei Karpukhin/Reuters