Медведев еуразиялық интеграцияның кімге ұнамайтынын айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ресей үкіметінің басшысы Өзбекстанның ЕАЭО құрамына кіруіне қатысты ойын айтқан америкалық министрдің сөзіне жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан — Sputnik. Еуразиялық аймақ елдерінің әріптестігі мұхиттің ар жағындағы әріптестерімізге ұнамайды, деді Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев. Ол өз сөзінде Өзбекстанның ЕАЭО құрамына енуіне тоқталған болатын.


©
Sputnik / Екатерина Штукина

ТМД және ЕАЭО премьер-министрлерінің кездесуі, Мәскеу қаласы

«Халықаралық әріптестік кең ауқымда жүріп жатыр. Мұндай кезде оң пікірмен қатар, теріс ой да айтылады. Бүгін Өзбекстандағы АҚШ министрлерінің бірі Өзбекстанның ЕАЭО құрамына енуіне қатысты осындай пікірін айтты. Оның айтуынша, бұл қадам Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына кедергі болуы мүмкін», — деді Медведев ТМД және ЕАЭО елдері премьер-министрлері кеңесінің отырысында.

Медведев Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциясы мұхиттың ар жағындағы әріптестеріне ұнамайтынын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Медведев Түрікменстан президентінен алған сыйлығын көрсетті – видео

«Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Ұйым географиясы кеңейіп келеді. Ресей тарапы бұған барынша қолдау жасайды», — деді ол.



sputniknews.kz