«Медресеге садақа деп зарлап жүр еді»: Танымал уағызшы Алматыда зәулім мейрамхана ашты

0

Белгілі қазақстандық уағызшы Қабылбек Жұмабеков Алматы қаласында «OTAU» деп аталатын жаңа халал мейрамхананың ашылуына ұйытқы болды.

Мейрамхана ұлттық стильде безендіріліп, ашылу рәсімі қазақы дәстүрмен өтті: қонақтар шапан киіп, домбырамен күй тартылып, ұлттық өнер дәріптелді.

Дегенмен, бұл жаңалық әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларының бір бөлігі уағызшының бизнес бастауына таңырқап, сын пікірлерін білдірсе, енді бірі оны қолдап, дін мен кәсіпкерлікті қатар алып жүруін құптады.

Мысалы, кейбір қолданушылар: «Имамдарда ақша жоқ дейсіңдер, ал қараңдар» деген сарында пікір қалдырған. Ал Қабылбек Жұмабековтің бұл әрекетін оң бағалағандар оның еңбекқорлығын атап өтті.

Айта кетейік, Қабылбек Жұмабеков бұған дейін «Қазақтың 75 пайызы араб сөзінен құралған» деген пікірмен көпшіліктің есінде қалған болатын.