Медициналық сақтандыру қоры жамбылдық клиникаларға 39 млрд теңге төледі

0

2018 жылғы 21 желтоқсан 11:39 131

Медициналық сақтандыру қоры жамбылдық клиникаларға 39 млрд теңге төледі


ТАРАЗ. ҚазАқпарат — «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 662,4 млрд теңге төледі. Бұл туралы ZhambylNews агенттігіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

«Биылғы жылдың 10 желтоқсанындағы мәліметке сүйенсек, жалпы Қазақстан бойынша қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 662,4, млрд теңге төленді. Бұл — кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті  шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 83% пайызын құрайды. Жамбыл облысы бойынша Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 39 млрд теңге төленіп, бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 84,9 пайызын құрады», — деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Бокаева.

«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр, бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», — дейді М. Бокаева.

Бүгінгі таңда жалпы Қазақстан бойынша Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 1375 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 642-і — жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 171-ге артқан.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысында 87 медицина ұйымы қордың жеткізушілері санатына кіреді. Оның ішінде 47 ұйым —  жекеменшік. Қордың барлық жеткізушілер тізімін fms.kz сайтында «Клиниканы таңдау» бөлімінен алуға болады.

Еске сала кетейік, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ­амы 2016 жылы құрылған. Пациенттердің мүддесіне сай тиімді әрі сапалы медициналық көмекті сатып алумен айналысатын қаржылық орнықты ұйым. Мақсаты — халықты тиімділігі дәлелденген, қолжетімді медициналық көмекпен теңдей қамтамасыз ету, жұртшылықты медициналық көмекке негізсіз жұмсалатын артық шығындардан қорғау және медициналық қызметтерді кепілдік пен теңгерімді сақтай отырып сатып алу.

Қор азаматтарды жаппай сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етіп, көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын тиісті деңгейде ұстап тұруды көздейді. Сондай-ақ, өзін-өзі медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы ұйым ретінде дамытуға бағытталған. 

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz