Медициналық мекеме көбейді | «Айқын» газеті

0

Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл өңірінде жаңа 28 нысан пайдалануға берілді. Оның 12-і көпқабатты тұрғын үй болса, жетеуі – дәрігерлік амбулатория, төртеуі – балабақша, төртеуі – ауыз сумен қамтамасыз ету және 1 кәріз жүйесі. Мұның бәрі Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы басым міндеттерді орындау, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға негізделген. 

Жолдаудың өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру басымдығы бойынша Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы­ның бірінші бағыты «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» аясын­да бірқатар жоба іске асырылуда. Оған мереке аясында пай­ла­нуға берілген 12 көппәтерлі тұрғын үй дәлел бола алады. Оның тоғызы Тараз қаласының Сүлейме­нов көшесінің соңындағы жаңа №15, екеуі «Бәйтерек» мөлтек аудандары­нан берілді. Сондай-ақ Шу қаласындағы «Жетісу» тұр­ғын алқабындағы 75 пәтерлі көпқабат­ты тұр­ғын үй қайта жөндеуден өтті. Бүгінде об­лыс орталығындағы қажетті инфра­құры­­лым­­мен қамтамасыз етілген 462 гектар жер те­лімінде жаңа екі мөлтек ауданның құры­лы­­сы жүруде. Аталған аудандарда «7 – 20 –25» бағдар­ла­масы аясында ұсынылатын 480 көп­қабат­ты және 969 жеке тұрғын үй құрылысы басталып, биыл 10 көппәтерлі үй (800 пәтер), 2019 жылы 25 үй (1 380 пә­тер) пайдалануға тапсырылуы жоспар­лан­­ған.


Жалпы, қазіргі кезде Тараз қаласын­да­ғы 686 пәтер бағдарлама аясында азамат­тар­ға ұсынылуда. Ал №15 жаңа мөлтек ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын іскерлік ортаға беру көзделуде. Осыған орай тиісті шаралар атқарылуда. Осылайша, тұрғын үй ғима­рат­­тарының сыртқы ажарын артты­ру жос­пар­лануда. Жаңа мөлтекаудан­ның жос­пары қайта қаралып, онда алдағы уақыт­та оқушы­лар, неке қию, салтанат сарайлары, әкім­шілік ғимараттар мен әлеуметтік ны­сан­­дар бой көтеретін болады. Халыққа қыз­­мет көрсету орталығы, қонақ үй, Тәуел­­­сіздік монументі, үлкен сауда-ойын сауық орталығының құрылыстарын жүр­гізу жоспарда бар. «7 – 20 – 25» кредит­теу бағдарламасы аясында әкімдік пен Ұлттық банк филиалы, бағдарламаға қатысушы банктер арасында бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген. Ипотекалық несие­нің алғашқы жарнасының 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтардың саны 3 есеге артқан.
Сонымен қатар Елбасы Жолдауында медици­налық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл күйінің аса маңызды компоненті болып саналатының баса айтты десек, мереке қарсаңында ашыл­ған 28 нысанның 7-і – медицина­лық мекеме. Облыс көлемінде халық денсау­лы­ғының сапасын арттыру мақсатында ауқымды қолға алынған жұмыстар жүргізілуде. Жеке­меншік секторды жұмылдыра оты­рып, қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері қолданы­луда. Медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша инно­ва­циялық әдіс-тәсілдер енгізіліп, жаңа ғимараттар мен нысандардың құрылысы жүргізілді. Тәуелсіздік күні ашылған 7 меди­циналық нысанның 2-і – мемлекет­тік, 5-і мемлекеттік-жекеменшік әріп­тес­тік аясында бой көтерген. Олар Байзақ ауданындағы Көкөзек, Жуалы ауданын­дағы Ертай, Қошқарата, Қордай ауданын­дағы Жаңатұрмыс, Т.Рысқұлов ауданын­дағы Мамай-қайыңды, Шу ауданындағы Көкқайнар, Бәйдібек ауылдарында орна­лас­қан. Бұл ашылған медициналық меке­мелер арқылы ауылдық жерлердегі алғаш­қы меди­ци­на­­лық көмек көрсету қажеттілігі 84 пайыз­ға қамтылады.
Сондай-ақ Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облысында халықтың тұрғын үй мен медициналық мекемелерге деген қол­же­тімділігін арттыруға арналған нысан­дардан бөлек, жұртшылықтың әлеуметтік тұрмыс сапасын жақсартуға негізделген мекемелер де ел игілігіне берілді. Атап айтар болсақ, Жамбыл ауданын­дағы Тоғыз­тарау ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесі іске қосылса, Пригородное және Қордай ауданындағы Ауқатты ауылы­ның сумен қамтасыз ету жүйесі қайта жаңғыртылды.
Талас ауданындағы Қызыләуіт ауылы­­ның инженерлік-коммуникация­лық инфра­­құрылымын дамыту және жайлас­ты­ру, Шу ауданындағы Төле би ауылының кәріз жүйесін қайта жаңғырту шаралары аяқталды. Қордай ауданын­да­ғы 100 оры­нды «Айару», «Айсұлтан», «Сенім Қорд­ай», «Нұрсила» жекеменшік балабақ­ша­лары есігін айқара ашты. Осылайша облыс­тағы мектепке дейінгі тәрбие­мен қамтылған 3-6 жастағы балалар­дың үлесі 98 пайызға жуықтатты. Ал келер жылы тағы 29 балабақша ашу арқылы 3-6 жас­та­ғы балаларды мектепке дейін­гі тәрбиемен 100 пайыз қамту көзде­ліп отыр.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл облысы

Дереккөз: Айқын

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз