Медициналық бетперделердің неліктен жетіспей жатқандығы жайлы сөз қозғалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Үкімет отырысында медициналық бетперде тапшылығы жайлы сөз қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Біз әрбір дәріханалардағы медициналық бетперде үшін жауап бере алмаймыз. Мүмкін, кейбір дәріханаларда расымен де бетперде жоқ шығар. Алғашында бұл тақырып жайлы сөз қозғалған кезде халық бір шулап кеткен еді. Осы мәселе Қазақстанда ғана емес, бүкіл мемлекетте өзекті болып тұрғаны рас. Сол себепті де бетперделерге сұраныс артып, оның тапшылығы байқалған болатын. Бірақ қазір бұл жағдайды билік өз қадағалауына алып отыр. Еліміздің бетперде шығаратын кәсіпорындар бар және мемлекет қазақстандық өнімнің сыртқа шығып кетпеуін жіті бақылап отыр. Қазақстанда медициналық бетперделердің көлімі жетерлік. Тағы бір рет айтайын: егер бір дәріханада бетперде бітіп қалса, ол бүкіл республикада жоқ деген сөз емес», — деп мәлімдеді премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов. 

Бұған қоса ол Қазақстанда бір айда бес миллион маска шығарылатынын атап өтті. 

«Медициналық бетперде бойынша Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында 5 кәсіпорын бар. Біріншіден, қазіргі уақытта бұл компаниялар күніне 170 мың медициналық бетперде шығарады. Екіншіден, елімізде бір айда 5 млн бетперде шығарылады және қазір отандық өндірушілердің өз көрсеткішін арттырып, 5 млн-нан 6,5 млн-ға дейін бетперде шығаратын мүмкіндіктері бар», — деп қосты шенеунік. 

Еске салайық, бұған дейін америкалық дәрігер медициналық бетперденің коронавирустан қорғамайтыны жайлы айтқан еді. 

 

stan.kz