медицина мен өнерді не біріктіреді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Каспий маңы елдері бірінші пәнаралық эндохирургиялық конгресі аясында «Екі данышпан» атты бірегей көрме өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Ақтауда білікті және өнерлі хирургтердің басын қосқан конгресс өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осы орайда Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының директоры Константин Воробьев бұл конгрестің ерекшелігін, шараға кімдердің қатысып жатқанын, медицина мен өнердің арасында қандай байланыс бар екенін және ұлы ақындардың 205 жылдығына арналған «Бір дәуірдің екі данышпаны: Михаил Лермонтов пен Тарас Шевченко» атты ерекше жоба туралы айтып берді.

Медиктер мен лириктер

Көрмені Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі, мәдениет басқармасы, Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, Форт-Шевченко қаласындағы Тарас Шевченко музейі Каспий маңы елдері бірінші пәнаралық эндохирургиялық конгресі аясында ұйымдастырған. Шара Ақтау қаласында 15-19 қыркүйек аралығында өтеді.

Константин Воробьев жиынға келген хирургтердің арасында өнерлі дәрігерлердің бар екенін атап өтті.

«Мысалы, Серік Тоқпанов. Ол – осы конгрестің төрағасы, хирург. Бірақ ол кезінде опера әншісі бола жаздады. Оны Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясына оқуға шақырған. Серік Тоқпанов ән айтып, концерт ұйымдастырып жүр. Бұл концерттер кез келген қаланың маңызды мәдени шарасының бірі болып жүр», – деді Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің жетекшісі.

Сондай-ақ конгреске шақыртылған қонақтардың арасында мәскеулік білікті хирург-гинеколог Сергей Штыров та болды. Ол медициналық құралдарды асқан шеберлікпен пайдаланып қана қоймай, гитараны нақышына келтіре орындап, ән айтады. Тіпті, дәрігер «Голос 60+» телешоуына қатысқан.

«Шараны ұйымдастырушы KARL STORZ ENDOSCOPY Kasachstan неміс компаниясының Қазақстандағы жетекшісі Сергей Ахундов та өнерге қолдауын көрсетіп жүр. Ол қазақстандық беделді музыканттармен араласады. Оның арасында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева да бар», – деді Константин Воробьев.

«Екі данышпан» көрмесі

Сонымен қатар ол жиын аясында мәдени шара не үшін ұйымдастырылғанын түсіндірді. Оның айтуынша, бұрын Ақтау қаласы Шевченко деп аталған. Шаһардың маңайында шағын Форт-Шевченко қалашығы бар.

«Бұл жерге Украинаның халық әртісі Тарас Григорьевич жер аударылған болатын. Қалашықта әртістің музейі бар. Биыл Украина ақыны және ойшылы Тараса Шевченко мен орыс ақыны Михаил Лермонтовтың 205 жылдығы аталып өтеді. Қазақстан тарапымен осы екі тұлғаның көрмесін ұйымдастыруға келістік. Бұл екеуі де суретші болатын. Олар бір-бірімен таныс болмаған. Алайда екеуі де мүдделес адамдар болған. Көрмеде осыны көрсетейік деп шештік», – дейді Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының директоры.

Көрме Ақтаудағы Достық үйінің екінші қабатында өтіп жатыр. Шара аяқталған соң, ондағы экспозициялар Шевченко музейіне сыйға беріледі.

Абайдың 175 жылдығы

Константин Воробьев көрмеге қойылатын суреттердің арасында Абай Құнанбаевтың портреті де болатынын жеткізді.

«Көрмеге қойылатын суреттердің арасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың портреті де болады. Абайдың 175 жылдығын 2020 жылы атап өткелі отырмыз. Бұл – Ресей және Қазақстандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы үшін маңызды. Біз ақынның мерейтойына орай арнайы жоба дайындап жатырмыз. Маңғыстау облысымен байланысымызды нығайту үшін осындай сыйлық жасап отырмыз», – деді ол.

Медицина саласындағы ынтымақтастық

Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының директоры Ақтаудың ауа-райы жанға жайлы екенін, әрі мұндағы инфрақұрылымның дамығанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл шаһарда халықаралық шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

«Бүгін мұнда Каспий маңы елдері бірінші пәнаралық эндохирургиялық конгресі басталды. Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің бұл шараға бей-жай қарай алған жоқ. Себебі, біз ТМД елдері арасындағы байланысты нығайтып, инновациялық байланысты нығайтуға мүдделіміз. Әсіресе, Каспий жағалауы елдері арасында», – деді Константин Воробьев.

Ол Ақтау жас қала болғанымен, дамып жатқанын жеткізді.

«Шаһар медицина саласындағы жетістігімен мақтана алады. Осы жылдың 5 қыркүйегінде жергілікті кардиохирург Ернұр Ордабаев жүрекке өте күрделі операция жасады. Бұл – Маңғыстау облысы денсаулық жүйесі саласының жетістігі», – деді Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының директоры.

Сонымен қатар Константин Воробьев конференцияға қатысып жатқан 500 адам білікті хирургтерге өздерін толғандырған сұрақты қойып, оған жауап ала алатынын атап өтті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз