Медеуді өртеген қос азамат іздестірілуде
Алматы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин «Хабар 24» арнасында Іле-Алатау ұлттық паркіндегі тау өртінің себебі анықталғанын жеткізді.
«Екі адам көзге түсті. Олар оқиға орнынан кетіп қалған. Қазір бұл адамдарды іздеумен полициямен бірлесіп айналысып жатырмыз. Тиісті тапсырма берілді», — деді әкім.
Түнде таулы жерлерде жел болғандықтан өрт бірден 8 мың шаршы метр аумақты шарпып өткен. Бір құтқарушы қайтыс болды. Тағы біреуі жарақат алды.
Ақпарат: http://t.me/orda_kz
Фото: online.zakon.kz