Медеудегі өрт кезінде 29 жастағы құтқарушы қаза тапты 

0

8 мамырда Алматыдағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің МҰТП аумағындағы таудың баурайында өртті сөндіру жөніндегі жедел топтың құрамында, жанып жатқан ағаш діңінің құлауынан алған жарақаттардың салдарынан-7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапты, — деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«Өрт сөндіруші Құрманбеков Арслан 1994 жылы 23 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 2015 жылғы 14 желтоқсаннан бастап жұмыс істеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі Арслан Жолдасбекұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол туралы жақсы естелік, өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады.

Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігімен көзге түсті», — делінген хабарламада.

ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсететіні атап өтілді.

Ақпарат: http://t.me/orda_kz

фото: ulismedia.kz