«Медеу» мұз айдыны жанында жігіт қызды зорлап тастады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Үйлі-баранды жігіт жас қызды «Медеу» мұз айдынына кездесуге шақырып, арам ойын іске асырды

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Алматылық жігіт жас қызды «Медеу» мұз айдынына кездесуге шақырып, әжетханада зорлап тастаған. Күдікті ұсталып, іс прокуратураға берілді, деп хабарлады құқық қорғаушы, «НеМолчи» қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Іс прокуратураға берілді, қылмыскер ұсталды! Медеу ауданының тергеушілері мен Алматы прокуратурасының қызметкерлеріне рахмет. Бұл іс туралы алдында жазсақ та, мән-жайын қозғамап едік. Бірақ әр істі халыққа айтып отыру маңызды, кім болмасын күтпеген жерден зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін екенін жұрт білуі тиіс», — деп жазды Таңсәрі.

Құқық қорғаушының сөзіне сүйенсек, оқиға наурыз айында болған. Қыз құрбылармен ренжісіп, караокеден таңға жуық кетіп қалады. Қырсық шалғанда, әмияны мен ұялы телефонын үстел үстінде қалдырып кетіпті. Алысқа ұзап кеткен ол ақшасыз үйіне қайта алмайтынын түсінеді. Сол сәтте жанына бір көлік тоқтап, жүргізуші жігіт үйіне жеткізіп салуды ұсынған.

Мұз айдынындағы романтикалық кездесу

Екеуі жолда әңгімелесіп келе жатады. Жігіт сыпайы әрі білімді қырынан көрініп, қыздың жүрегін жаулап алған екен. Үйіне жеткен кезде, таңертең Медеу мұз айдынына бірге барып, демалып, жақынырақ танысуды ұсынады, қыз да бірден келісе кетіпті.

Тағы оқыңыз: Танымал халық әртісі өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты

«Таңғы 10.00 кезінде ол қызды алып кетіп, екеуі мұз айдынына келеді. Ол кезде сырғанақта адам аз болатын, жігіт қызға мұз айдыны жанындағы дәмханада тамақтанып алайық депті. Медеуге жиі баратындар бұл дәмхананы жақсы біледі: онда демалыс күндері таңертеңнен кәуап ұсынылады. Ал жанында ақылы әжетхана бар – таза әрі кең. Бір жаманы – ерлер мен әйелдерге ортақ, жеке кабинкалардан тұрады. Сондықтан қызметші әйел кімнің қай кабинкаға кіргенін байқамай қалуы мүмкін», — деп жазады «НеМолчи» қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі.

Арам ойын әжетханада іске асырды

Оның айтуынша, ер адам соны пайдаланып, қыздың соңынан әжетханаға кірген.

«Қыз әжетханаға кіргенде, жігіт соңынан ілесіпті. Бәрі көзді ашып-жұмғанға болған. Кабинкадан шығып келе жатқан қызды жігіт күшпен итеріп кіргізіп, тұншықтырады. Тынысы тарыла бастағанда, босатып, біраз демалдырады да, қайта қылқындыра түседі. Сонымен бірге қыздың джинсысын шеше бастайды. Осылайша, романтикалық кездесу соңында жігіт қызды әжетханада зорлап тастады. Жақын жерде постта тұрған кезекшілер мен әжетхананың қызметшісі де ештеңе естімепті, өйткені зорлықшы күш қолданып, қызды тырп еткізбеген», — деп Таңсәрі оқиғаны баяндады.

Тағы оқыңыз: Мас адам әйелі екен деп 15 жастағы қызын зорлап тастады

Кейін жігіт түк болмағандай әжетханадан шығып, шылым шеге бастаған. Артынша ботадай боздап қыз да шығып, жігіт мені зорлады деп айғайлайды. Сол жерде полиция шақырылып, іс қозғалған.

Бұрын да қыз зорлаған…

Қоғамдық қор басшының айтуынша, бүгін сараптама нәтижесі белгілі болып, тергеуші күдіктіні қамауға алуға шешім шығарыды. Әзірге расталмаған деректерге сәйкес, жігіт бұрын бес рет сотталған, қазір алаяқтық жасағаны үшін бостандығы шектелген екен. Ал бұрын зорлау және тонаушылық ісі бойынша сотталыпты-мыс.

«Енді 3 жылдан 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Жазаның түрі осы ма? Ең қорқыныштысы: 1988 жылы туған бұл жігіт үйлі-баранды, балалары бар. Соған қарамастан қоғамдық орында қызды зорлайды, ешкім жазаламайтынына нық сенімді болған ғой. Бірақ полиция мен прокуратура тез арада істі қолға алып, оған кісен салды!», — деп жазды Дина Таңсәрі пост соңында.



sputniknews.kz