Медеу Арынбаев ауыр дертінен айығып, өнерге қайта оралды — Қазақстан жаңалықтары

0

Медеу Арынбаев ауыр дерттен айығып, шығармашылығын қолға алды. Бұған дейін басына 10 сағаттық ота жасаған ол сахнамен қайта қауышты. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ShowNewsKZ арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші басына от жасатып, дәрігерлердің арқасында аман қалған еді. Шығармашылықтан біраз уақытқа қол үзіп қалған ол карантин кезінде тыңдарманына онлайн-концерт өткізді. Сахнаны сағынғанын жасырмайды. 

«10 сағат ота жасаттым. Ауруым асқынып жүре берген едім. Соңы осылай болды. Сахнаны әбден сағындым. Денсаулығымды сұрайтындар көп. Қазір бәрі жақсы. Бәрі артта қалды. Аллаға шүкір, — деді ол. 

Тіпті ауруханада жатқан уақытында сұранып кетіп, Арман Дүйсеновтың концертінде ән айтқанын бұған дейін жазған едік. 

Аурумен күресе білген Медеу Арынбаев бала күнінде спортқа бейім болған екен. Күрестен жақсы нәтиже көрсеткенімен есейе келе әншілікке бет бұрған.

«Бастапқыда күресіп жүрдім. Жақсы нәтиже көрсеттім. Бірақ әншілікке кетіп қалдым. Есейе келе, домбыра, гитара тартып жүрдім. Әкем бас прокурор болды. Оған ұлының ән айтып жүргені ұнамайтын. Мына бала осы жолға кетіп қалмаса, әнші болып кетпесе болды деп жүрді. Себебі прокурордың баласы ән айтып жүр дегенге қымсынатын. Бірақ мен осы жолды таңдадым», — деді Арынбаев. 


Тағы оқыңыз:

«Төреғалиді әнші деп айта алмаймын»: Медеу Арынбаев Қайрат Нұртасқа да демалу керектігін айтты

«Жұбайыма қолын ұстап отырып сөз бергем»: Медеу Арынбаевтың оқиғасы жұрттың жүрегін елжіретті


 

stan.kz