Мәжілістің жаңа төрағасы тағайындалды

Мәжілістің жаңа төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов болды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа сайланған төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов», — деп жазды ол.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды» — делінген Ақорданың хабарламасында.