Мәжілістің жаңа депутаты Нұрлан Әлімжанов ант беруге келген жоқ

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мәжілістің жаңа депутаттары өзіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға ант берді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліске жаңадан келген депутаттар Гүлшара Әбдіқалықова, Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», — деді депутаттар төменгі палатаның жалпы отырысында.

Осыдан кейін депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Гүлшара Әбдіқалықова мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұған дейін комитетті Гүлнәр Иксанова басқарған еді. Ол отставкаға кету туралы өтінішіне байланысты мәжілістен кетті.

Ал Нұржан Әшімбетов аграрлық мәселелер комитетіне, Жұлдыз Омарбекова заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.

Айта кетсек, танымал актер әрі әнші, «Елбасы жолы» киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған Нұрлан Әлімжанов та депутат мандатын алған еді. Алайда ол бүгін мәжілістің жалпы отырысына қатысқан жоқ.

Тағы оқыңыз: Әйтімованың сөзі депутаттарды ду күлдірді

Жаңа депутаттар туралы не білеміз?

Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы 15 мамырда туған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды. Қазақстанның оныншы мемлекеттік хатшысы болды. 2019 жылдың 25 ақпанында премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Нұржан Әшімбетов 1969 жылы 26 маусымда туған. Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі.

Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келді. Қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды, Қазақстан президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды. Белгілі қазақстандық филантроп, журналист, «Бауыржан» қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті.



sputniknews.kz


Тегтер:Мәжіліс