Мәжілістің жалпы отырысында талқыланатын мәселелер белгілі болды

0
21 Желтоқсан 2018, 15:25 293 0

Фото: Мәжіліс

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс Бюросында Палатаның жалпы отырысында талқыланатын мәселелер айқындалды.

Күн тәртібінің жобасы бойынша «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын қарау ұсынылды.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы бұл құжатқа 2018 жылдың 12 тамызында Ақтау қаласында Бесінші Каспий саммиті аясында Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей Федерациясы мен Түрікменстан президенттері қол қойған.

Сонымен қатар, депуттар назарына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялайтын заңнамалық құжатты қарау көзделген.

Сондай-ақ, осы күні «Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қаралмақ.

Келісім ЕАЭО-ға кірмейтін елдермен халықаралық шарттар жасасу, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру тәртібін айқындайды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ