Мәжілістің Заңнама комитетінің құрамына жаңа депутат сайланды

0

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Серік Ерубаев палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.

«ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңының 14-бабына сәйкес, палатаның отырысында тұрақты комитеттердің мүшелері сайланады. Осы орайда депутаттың өтінішін ескере отырып, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаевты Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайлауды ұсынамыз», – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева.

фото: akzhol.kz