«Мәжіліске жетті»: 17 жыл құлдықта болған қыздарға қатысты жаңа дерек шықты
Журналист Руслан Өтепбай Түркістан облысында 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлі қыздарға қатысты мәселе Мәжіліске жеткенін мәлімдеді.
Журналист Руслан Өтепбай Түркістан облысында 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлі қыздарға қатысты мәселе Мәжіліске жеткенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айтуынша, апалы-сіңліні 17 жыл құлдықта ұстаған туған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс әлі де сотқа жолданбаған.
«8 айдан кейін Құндыз бен Назгүлдің тағдыры Мәжіліске жетті! Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев апалы-сіңлінің тағдырын «Көреміз» бағдарламасы арқылы көріп, жаға ұстаған жандардын бірі болса керек. Ал біз қыздардың тағдырына араша болғанымызға 8 айдан асты. Бірақ сол уақыттан бері 17 жыл құлдықта ұстаған туған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс әлі де сотқа жолданбады. Журналистерге қарағанда депутаттардың аузы дуалы ғой, бәлкім Түркістан облысының Полиция департаменті, прокуратура енді қозғалар! Құндыз бен Назгүлдің ағасы мен жеңгесінің заң алдында толықтай жауап беруін талап етемін! Осы видеоның астына @turkistan_polisia мен @turkistan.obl.prokuratura белгілеп, видеоны жан-жаққа таратуға көмектесіңіздерші», – деп жазған журналист.