Мәжіліске үміткерлер: тізімде Назарбаева, Мамин және Байбек те бар
ҚР Парламент Сенатының бұрынғы төрайымы Дариға Назарбаева «Nur Otan» партиясының атынан Мәжіліс депутатына үміткерлер тізіміне қосылды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
«Nur Otan» партияы 2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін сайлауда үміткер болатындардың тізімін жолдады. Аталған тізімде Дариға Назарбаева, премьер-министр Асқар Мамин, Nur Otan партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бар.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Nur Otan партиясының сайлауалды съезіөтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партия бағдарламасының басымдықтарын айқындады.