Мәжіліс ТЖ кезінде мемлекет басшысының құзыретін арттырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзіреті артатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент импичментінің америкалық тәжірибесі. Қазақстан президенті қандай жағдайда жауапкершілікке тартылады?

Бұл туралы мәжіліс депутаттарының кезекті отырысында талқыланды. 

ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов төтенше жағдай туралы заңға 14 бағыт бойынша жаңартулар енгізілетінін мәлім етті. 

«Бұл банктік, салықтық, бюджеттік, кедендік, мемлекеттік сатып алу және т.б. бағыттар. Еліміздегі ТЖ кезінде осы салаларындағы реттеу шаралары ерекшелікке ие болады. Себебі аталған салалар еліміздің экономикасына тікелей әсер етеді. Сондықтан оларды қадағалауға тиісінше көңіл бөлінуі керек», — дейді министр.

Аталмыш заң жобасына сәйкес, ел президенті ТЖ кезінде қажет болған жағдайда қиындық туындатқан мәселеге жедел түрде араласа алады. Бұл мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі үшін маңызды. 

Ұлттық экономика министрі ТЖ кезінде қабылданған заң актілері режимі аяқталғанша заңды күшіне ие екендігін атап кетті. 

Еске салайық, еліміздегі ТЖ режимі 11 мамырда аяқталатын айтылған болатын. 

 

stan.kz