Мәжіліс Төрағасы Нығматулин Аустрия елшісін қабылдады
Аустрия — Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі — Нығматулин.
Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Герхар Сайллерді қабылдады. Бұл туралы Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде, аустриялық-қазақстандық қатынасты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады.
Мәжіліс Спикері Аустрия Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі екенін сөз ете келіп, Астана мен Вена арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің маңыздылығына тоқталды.
Н. Нығматулин атап өткендей, дипломатиялық қатынас орнаған 27 жылдың ішінде, екі елге ортақ сенімді саяси дилог пен берік экономикалық байланыс орнады.
Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Аустрия Фендералдық Президенті Хайнц Фишердің ресми сапарлары зор серпін берді.
Палата Спикерінің пікірінше, Аустрия бүгінде «жасыл» технология бойынша әлемдік жетекші елдердің бірі болып саналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда аустриялық капиталдың қатысуымен 150-ге жуық компания жұмыс істейді. Осы жолда біздің еліміз энергетика, жаңа технология саласында ықпалдастықты дамытуға ынталы. Осы орайда, елші мырза аймақта және қос мемлекет арасында экономикалық, мәдени гуманитарлық байланыстарды кеңейтуде Қазақстанның жетекші рөл атқаратынын, біздің елде ЕҚЫҰ үшін өте маңызы Астана деларация қабылданғанын атап өтті. Және Қазақстанның да «жасыл» технология бағытында әлеуеті зор екенін айтып, өзара ықпалдастықты одан әрі күшейтуге ниет білдірді.
Кездесу барысында тараптар, бейінді комитеттер мен парламентаралық топтар шеңберінде іс-сапарлар арқылы заңнамалық тәжірибе алмасуды одан әрі ынталандыру төңірегінде пікір алмасты.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/