Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин БЖЗҚ басқарма Төрағасы Жанат Құрмановқа дүрсе қоя берді (ВИДЕО)

0
401

Мәжілісте Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысына жеткілікті шек деңгейі неге көтерілгенін халыққа жедел түсіндірмегені үшін сөгіс жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша түзетулерді талқылау барысында БЖЗҚ басшысына отырыс тақырыбы бойынша сұраққа жауап беру ұсынылды, бірақ Жанат Құрмановтың жауабы депутаттарды қанағаттандырмады.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин зейнетақы қорының басшысына сұрақтарға жауап беруге тыңғылықты дайындалу керек екенін айтты.

«Үш апта бойы ауыз ашпай, жеткілікті шек деңгейі неге көтерілгенін халыққа түсіндіре алмағаныңыз енді түсінікті болды. Жанат Бостанұлы, мұнда келгенде, дайындалу керек. Түсіндіңіз бе?» — деді ол.