Мәжіліс қаңтар оқиғаларына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң қабылдады

0

Мәжіліс 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында қылмыстық құқық бұзушылық жасағандарға рақымшылық жасау туралы заң қабылдады, — деп хабайлайды KZNEWS.KZ порталы Kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қылмыстық теріс қылықтар жасаған, тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатысты қылмыстық істер тоқтатылады, сотталғандар жазадан босатылады, ал жазасын өтегендерден соттылық алынады», – делінген заңнама және сот – құқықтық реформа комитетінің қорытындысында.

Ауыр қылмыс жасаған адамдарға соттармен тағайындалған жазалар¾, аса ауыр қылмыстар ½ – ге қысқартылады.

Бұл ретте, рақымшылық жасау туралы Заң қолданысқа енгізілген күні сотталғандардың бір жылдан аспайтындай жаза өтеу мерзімі қалса, онда қалған уақыттың барлығы қысқартылады.

Сондай-ақ қылмыстар немесе қауіпті қайталаған террористік, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекетке опасыздық, жаппай тәртіпсіздіктер, азаптаулар, кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген қылмыстарды жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

фото: telegraf.ua.com