Мәжіліс Ихдановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ақылбек Ихдановтың ОСК мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату ұсынылды. Мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдап дауыс берді

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Парламент мәжілісі Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихдановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәжіліске өтініш жіберген.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Дариға Назарбаеваның қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды

«Сайлау туралы» Конституциялық заңның 19-бабы 6-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерін атқарудан босату туралы өз еркімен өтініш берген жағдайда өз міндеттерін атқарудан босатылады. Осыған орай Ақылбек Ихдановтың ОСК мүшесі ретінде өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамыз», -деді мәжілістің заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдап дауыс берді.

«Ақылбек Жәмелұлын баршаңыз жақсы білесіздер. Мықты маман, білікті заңгер, көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды абыроймен атқарды. Алдағы уақыттта оған зор табыс тілейміз», — деді төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин.

Осыдан кейін Ихдановқа арнайы дайындалған Алхыс хатты табыстады.

Ақылбек Ихданов 2018 жылы 5 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған болатын.



sputniknews.kz