Мәжіліс депутатының тәуелсіздік күніне батасы
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан тәуелсіздік күніне арнаған батасын Facebook парақшасында жариялады.
«Бостандық ұлтты бодандықтан да қатты сынайды» дегенді Әбіш Кекілбаев неге айтты? Дидары дүрбелеңге толы дүниеде бұған мысал аз болмай тұр…
Тәуелсіздік уақыты мәңгі соға берсін!
Алауыздықтың кесірінен жертөлені оқпана тұтып, ұрпағы ұршық-заманның иірімінде жоғалып жатқан, көзінің нұры қашқан әке мен шеше, үміті күл-талқан болған ұрпақ, босқан көш, қашқан жұрт аз ба?
Қоламтаны үрлеп шоқ, ұшқынды үрлеп от қылып, ауыл-үйдің арасын араздастырып, шолақ атпен шоқырақтап жүрген саяси «ақылгөйлер» толып жүр ауламызда.
Қолына жанармай ұстаған жандайшаптар жеме-жемге келгенде, жеті атаң болса да шешуші сәтте отқа «бас-сирағын» үйтіп алып жалынның ортасына жалғыз тастап жайына кетеді.
Ниетке қасқыр шаппасын…
Тәуелсіздік — бүтін жер, тұтас Қазақстан!
Кезінде ҚР ҰҚК Шекара қызметін басқарып жүріп бүкіл сарбаздарымен опат болған даңқты қолбасшы Тұрғанбек Стамбеков байтақ Қазақ Жерін қалай жаяу-жалпы аралап шыққанын, шекараның қандай қияметпен шегенделгенін шет-пұшпақтап айтып еді.
«Өз өзіңе берік бол, қоңсыңды ұры тұтпа!» дегенді дана аталар неге айтқан дейсіз
Ел мен жер аман болсын, қалған дүние қалпына келер.» — деді Ж.Әшімжан