Мәжіліс депутаты жұмыста ерекше үзіліс жасауды ұсынды
Қысқа сілтеме алу
Парламенттің төменгі палатасында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасының жаңа редакциясы таныстырылды
НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов кәсіпорындар мен мекемелерде «дене шынықтыру үзілісін» енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Кәсіпорындарда, зауыттар мен мекемелерде жұмыс күні «дене шынықтыру үзілісін» ұйымдастыруды ұсынамыз. Өндірістік гимнастика енгізу керек», — деді депутат мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасының жаңа редакциясын таныстыру барысында.
Сонымен қатар, мәжілісмен 14 жастан бастап ұлдарды толық скринингтен өткізуді ұсынып отыр.
Тағы оқыңыз: «Ақшаны далаға шашады»: Дана Нұржігіт халыққа кредит беру мәселесін көтерді
«Кеңес одағы заманында және одан кейін, 2011 жылға дейін дәрігерлер 14 жастағы ұлдарды бастан-аяқ тексеріп шығатын. Яғни, әскерге алынғанға дейін толық скринингтен өткізілді. Қазір бұл практика Ресей, Өзбекстан, Беларусьте сақталды. Ал біздің елде жоқ. Өткен жылы ұлттық ұланнан 400 адам қуылған (денсаулық жағдайына байланысты – Sputnik). 14 жастан бастап толық скринингтен өткізуді қайта енгізу керек шығар, бәлкім», — деді Тасболатов.
sputniknews.kz