Мәжіліс депутаты Ресей елшісін сынады: Біздің тілімізге араласуға қандай құқы бар?
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкиннің: «Кез келген қазақстандық үшін орыс тілін білу — бұл объективті артықшылық, сондықтан бұл игіліктен бас тарту негізсіз болар еді» деген пікірін сынады.
Естеріңізде болса Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин: «Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі де ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деп нақты жазылған.
Кез келген қазақстандық үшін орыс тілін білу — бұл объективті артықшылық, сондықтан бұл игіліктен бас тарту негізсіз болар еді» деп мәлімдеген болатын.
Осыған орай депутат Қазыбек Иса: «Миллион қазаққа
бір-ақ мектебі бар Ресей елшісінің біздің тілімізге араласуға қандай құқы бар?» деп өз ойын ашық айтты.