Мәжіліс депутаты мұғалімдерді баспасөзге мәжбүрлеп жаздырмауға шақырды

0
89

2018 жылғы 26 желтоқсан 16:12 645

Мәжіліс депутаты мұғалімдерді баспасөзге мәжбүрлеп жаздырмауға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мұғалімдерді газеттерге жазылуға мәжбүрлеуді доғаруға шақырды. Осы орайда Үкімет басшысының атынан тиісті депутаттық сауал жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутат Жәмилә Нұрманбетова бұл проблема білім беру саласында біраздан бері шешілмей келе жатқанын атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, саладағы осы және басқа да мәселелер туралы Өскенменде қызмет етіп жүрген Оксана Александрова есімді мұғалім әлеуметтік желілерде көтерген.

Депутаттың пайымынша, бұл проблеманы «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеу кезінде ескеру керек.

«Газеттер мен журналдарға мәжбүрлі түрде жазылу тәжірибесі жалғасып келеді. Бұл тұрғыда мектептерге жүктелетін лимиттер туралы айтылып отыр, яғни мұғалім 2-3 басылымға жазылуға мәжбүр. Ал осы газеттердің оның педагогикалық қызметіне ешқандай қатысы жоқ. Сонымен бірге, кейбір мемлекеттерде педагогикалық басылымдарға жазылғандығы үшін мұғалімдерге үстемеақы беріледі», – деді Жәмилә Нұрманбетова өскемендік мұғалімнің хатында көтерілген мәселелерді тілге тиек ете отырып.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz