Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға айып тағылды — Қазақстан жаңалықтары
Әйгілі композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің әнін Бекболат Тілеухан ұрлап алды. Бұл туралы Құрманғалиевтің келіні Ләйлә Құрманғалиева айтты. Оның айтуынша, «Елім менің» әні Ғарифолла Құрманғалиевке тиесілі.
Жазушы Бөрібай Кәртен желіде Халық әртісі, әнші Ләйлә Құранғалиевамен болған сұхбаын жариялады.
«Бекболат Тілеухан біздің отбасымызбен алғаш 1989 жылы танысты Оны дәлелдеп беретін куәлеріміз бар. Ал, «Елім менің» әнінің авторы Ғарифолла Құрманғалиев. Бұл әннің жоғалғанын үйде ән нотасы жазылған қағаз жоғалып кеткен соң білдік. Оны үйден Бекболат Тәлеухан ұрлап әкеткен. Ал, әннің қолмен жазылған түпнұсқасы қолымызда сақтаулы. Бұл оның дәлелі. Бекболат бұл мәселе үшін қызым Меруерт Санатқызын қорқытып, ол туралы өсек таратты», — деді Құрманғалиева.
Айтуынша, әнді атасы 1977 жылы жазып, нотаға түсірген.
«Мен 72 жастамын. Бұл жаста ешкімге жалған кінә артпаймын. әділетті талап етем. Әннің өз отбасына қайтуын қалаймын», — дейді ол.
Бұған дейін блогер Айгүл Орынбек Бекболат Тілеуханды ән ұрлад деп айыптап, «Елім менің» әнінің нотасын жариялаған еді.
«Тілуханның орындаауындағы «Елім менің» әні нақты осы әуендә қайталайды. БұныҒарифолла Құрманғалиев 70-жылдары жазған. Сараптамада сиямен жазылған қағаздағы нотаның 70-жылдарыжазылғанын анықталды», — деп атап өтті блогер.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz