Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен ауруханаға түсті

0

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан ауыр жағдайда деп мәлімдеді журналист Тоқтар Жақаш өзінің Facebook-парақшасында. Оның сөзінше, халық қалаулысының жүрек талмасы ұстап қалған.

Әзірге Б.Тілеуханның хал-жағдайы туралы толық ақпарат жоқ. Тек оның ауыр халде ауруханаға жеткізілгені ғана айтылған.

Бекболат Қанайұлы Тілеухан 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған.

Әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері.

Айта кетейік, Бекболат Тілеуханның бірнеше әйелден 14 баласы бар.