«Мәжбүрлеп жатыр»: полициядан аяусыз қорлық көрген Батырбаевтың әйелі үндеу жолдады (ВИДЕО)

0

Талдықорғанда полиция үтікпен күйдіріп, аяусыз азаптаған Азамат Батырбаевтың әйелі халыққа үндеу жолдап, көмек сұрауда, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Бұл туралы журналист Оңғар Қабден Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Қаралы Қаңтар» оқиғасында шерушілер қатарынан табылып, Назарбаевтың ескерткішін құлатты деген айыппен Азамат Батырбаевтың үстінен іс қозғалған болатын. БАҚ-та жарияланған мәліметтер бойынша, полиция Азаматтың денесін үтікпен күйдіріп, ине аяусыз азаптаған.

Азамат Батырбаевтың әйелі Бақыт Батырбаев қоғамнан көмек сұрап отыр. Айтуынша, Азаматқа қорлық көрсеткендер әлі қамауға алынбаған. Ал, Азаматтың өзіне қарсы арнайы прокуратура іс қозғамақшы. Толығырақ видеода: