«Мәжбүр болдық» — Айдос Сарым Қазақстан БҰҰ-ның Қырымдағы адам құқықтарын бұзу туралы қарарына неге қарсы дауыс бергенін айтты
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстан БҰҰ-ның Қырымдағы адам құқықтарын бұзу туралы қарарына неге қарсы дауыс бергенін айтты. Бұл туралы Kznews.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Құжатта басып алынған Қырымдағы адам құқықтарының бұзылуы көрсетілген және Ресей әскерін Украинадан шығаруға шақырған.
Депутат Қазақстан өз халқының мүддесі үшін «қарсы» дауыс берді деп есептейді, бірақ мәжбүрлі түрде.
«Қазақстан Қырым мен Донбассты мойындамайтынын үзілді-кесілді мәлімдеді. Қазір Украина мен Ресей арасында ауыр соғыс жүріп жатыр. Әр тарап өз мүмкіндіктерін арттыру үшін БҰҰ платформасын пайдаланады. Бұл — заңды нәрсе. Біздің міндетіміз — өзіміздің жағдайымызды қарастыру. Көп жағдайда Қазақстан үнсіз қалады. Сол сияқты кейде «дипломатиялық рәсімдерді» орындауға мәжбүр боламыз. Қазақстандықтарды осы аспектіні дұрыс түсінуге шақырамын», — деді депутат.
Қазақстан Ресейдің көңіл-күйін ескеруі керек, сондықтан біз «осылай өмір сүруге мәжбүрміз, — деп толықтырды депутат.
«Қазақстан соғыс туралы бірнеше мәлімдеме жасады. Қазақстан БҰҰ қабылдаған барлық негізгі шешімдерді қабылдады. Біз күнде мәселе дипломатиялық жолмен шешілуі керек деп айтамыз. Қолымыздан келетін жалғыз дүние осы. Өкінішке орай, бұл ойында біздің ұпайымыз аз. Сондықтан біз Қазақстанның ішкі және сыртқы жағдайын ескереміз», — деп атап өтті мәжілісмен.
Фото: inform.kz