Маусым айынан бастап Қазақстандағы барлық дәріханада дәрі-дәрмек бірдей бағада сатылады — Қазақстан жаңалықтары

0

Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова ОКҚ брифингінде биылғы жылдың маусымынан бастап еліміздегі барлық дәріханада дәрі-дәрмектердің бөлшектік бағасы бірдей болатынын мәлімдеді. Сонымен қатар дәрілердің бағасы денсаулық сақтау министрлігінің сайтында көрсетілетін болады, деп хабарлайды Stan.kz.

Маусым айынан бастап Қазақстандағы барлық дәріханада дәрі-дәрмектің бағасы бірдей болады

Бюрабекованың сөзінше, ертең денсаулық сақтау министрлігіне барлық дәрілік заттың бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін заң күшіне енеді. Министрлік бұл заңды жүзеге асыру үшін бағаларды тұрақтандыру ережесін әзірлепті. Аталған ережелер шыққаннан кейін бағаларды тіркеу процедурасы мен көтерме және бөлшектік бағалардың шектік көрсеткіші қалыптастырылады, дейді комитет төрайымы. 

«Шамамен, мамыр айында бағалар күшіне енеді. Олар барлық интернет ресурстарда (денсаулық сақтау министрлігі, фармация комитеті, Дәрілік құралдарды сараптау ұлттық орталығының сайттары – ред.).

Сонымен қатар бүгінде ұялы телефонға арнғалған қосымша дайындалған. Онда да шектік бағалар көрсетілетін болады. Шамамен маусым айында дәрілерді бөлшек саудада өткізетін нысандардың бәрінен бірдей бағаларды көре аламыз», — дейді Бюрабекова.

 

stan.kz