Мәулен Әшімбаев президент көмекшісі болып тағайындалды

0

Қазақстан президентінің жарлығымен Мәулен Әшімбаев президент көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

48 жастағы Мәулен Әшімбаев бұған дейін биліктегі «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған. Ол бесінші және алтыншы шақырылымдағы парламент депутаты болып сайланған, мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарған.

Оған дейін Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, Қазақстан қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметінде болған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген..

Azattyq