Мәулен Әшімбаев президент көмекшісі болды

0
51

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ол бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. МәуленӘшімбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», – деп жазылған жарлықта.

Мәулен Әшімбаев туралы деректер

Мәулен Әшімбаев 1971 жылдың 28 қаңтарында Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген.

Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болған.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің V шақырылымының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.



sputniknews.kz