Мәулен Әшімбаев Аршалыда өткен жаңа жылдық іс-шараға қатысты
«Нұр Отан» партиясы дәстүрге сай жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларды мерекемен құттықтауды бастап кетті.
Бүгін Ақмола облысының Аршалы ауданында өткен іс-шараға партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев арнайы қатысты. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өткізілген іс-шараға аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары қатысты.
Өз сөзінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары партияның «Кедергісіз келешек» жобасына тоқталып өтті.
– Бүгінде Елбасымыздың тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда, «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сапалы білім алуына, олардың жұмыспен қамтылып, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуына және елімізде кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық беріп отырмыз, – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар ол барша қатысушыларды мерекемен құттықтап, балаларға сый-сияпаттар тарту етті.
Бас партияның осындай іс-шараға ұйытқы болып, балаларының нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.
– Жаңа жыл әр бала үшін жыл бойы күтетін мереке. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мұндай іс-шаралардың жөні мүлдем бөлек. Бүгін баламның жүзінен күлкі үйіріліп, ел қатарлы жаңа жылдық шыршаға қатысқаны үшін ерекше қуаныштымын. Осындай игі іс үшін Елбасы партиясына алғысымыз шексіз, – дейді баласын мерекелік іс-шараға алып келген ата-аналардың бірі Нұржамал Қожабекова.