Мәслихатқа үміткерлер Ақсу және Успен тұрғындарымен кездесті

0

«AMANAT» партиясының сайлауалды үгіт-насихат тобы аптаның алғашқы жұмыс күнін Ақсу ауылдық аймағынан бастады.

Облыстық мәслихат депутатына үміткерлер Серік Сәдуақасов, Дулат Әбетжанов, Александр Толмачев және қалалық мәслихатқа үміткерлер Ақсу қаласына қарасты Достық ауылдық округіне барып, халықпен кездесті. Кандидаттар алдымен «AMANAT»партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын таныстырып, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жоспарын баяндады. Тұрғындар тарапынан әртүрлі мәселе бойынша сұрақтар түсіп, талап-тілектер айтылды. Мәселен Достық ауылының тұрғындарын жол, интернет байланысы, балабақша, жайылым жері және жұмыссыздық сынды мәселелер мазалайды. Сондай-ақ, аталған округке қарасты Береке ауылында да осындай мәселелер бар. 

Аманаттықтар барлық сұрақтар мен ұсыныстарды қабылдап, құзырлы оргындарға жеткізетінін және алдағы уақытта да бақылауда ұстайтынын айтты. Себебі, аталған мәселелердің көбі «AMANAT» партиясының бағдарламасында көрініс тапқан. Онда: «Капиталды халыққа қайтаруды ең әуелі басты байлығымыз – жерді қайтарудан бастаймыз. Біз әділдік орнату арқылы ірі жер иеленушілердің елді мекендердің айналасындағы жайылым жерлерді ауыл тұрғындарына қайтаруын қадағалаймыз» деп жазылған болатын.

Белсенділер «Есіктен есікке дейін» акциясы бойынша Достық ауылы ардагерлерінің және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйіне барып, сайлауға қатысуға шақырды.

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Борис Поломарчук, Рахат Тұрлыбай, Серік Жартыбаевтар Успен ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Кандидаттар Ольховка және Ольгино ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізіп, сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, «AMANAT»партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында ауылдықтарға арналған негізгі басымдықтарға тоқталды.

— Ауыл тұрғындарына өмір сүруге қолайлы тұрмыс деңгейі мен еңбек жағдайын жасаймыз. Біз баршаға түсінікті стандартпен нормативтердің негізінде ауыл тұрғындарының инфрақұрылымға, білімге, медицинаға қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздейміз, — деді аманаттықтар.

Ольховка ауылының тұрғындарын мазалаған мәселе көп. Атап айтсақ, ауылда медицинадық пункт жоқ. Бірінші кезекте осы мәселеге назар аударуды сұрады тұрғындар. Одан бөлек орталыққа қатынайтын автобустар жүрмейді және ауылда азық-түлік дүкені жоқ. Сондай-ақ, жол және байланыс жүйелерінің сапасы да көңілден шықпайды. Депутаттыққа үмінтерлер сайлаушылар көтерген барлық мәселелер «AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасына енгенін жеткізді.

Белсенділер «Есіктен есікке дейін» акциясы бойынша үй-үйлерді аралап, 19 наурыз күні болатын сайлауға қатысуға шақырды.

Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А

Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.