Мәслихат депутатының 17 жастағы ұлы қамауға алынды

0

Оралда Батыс Қазақстан облысы мәслихат депутатының кәмелетке толмаған ұлы ұсталды. Әкесі баласының қолға түскені туралы ақпаратты растап, оның не үшін күдікке ілінгенін айтып берді.

Uralskweek.kz басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, полиция 17 жастағы жасөспірімді Екатерина Ананеваны абайсызда өлтірді деген күдікпен 5 тамызда ұстаған. Қазір бұлтартпау шарасына қатысты мәселе шешіліп жатыр. Тергеу мәліметтерінде мәслихат депутатының ұлы қайғылы оқиғаға қатысы бар катерді басқарғаны айтылған. Ал күдіктінің ата — анасы балаларын кінәсіз деп отыр.

— «Менің ұлым бұл қайғылы оқиғаға қатысы жоқ екеніне сенімдімін. Егер менің ұлымның осы әйелдің өліміне шынымен қатысы болса, онда біз әйеліммен екеуміз, марқұмның туыстарымен бұрыннан кездесіп, олардан кешірім сұрайтын едік. Қазір полиция менің қайығымды және басқа адамдарға тиесілі тағы алты осындай кемені тәркіледі. Менің ұлымнан басқа полиция күдікті ретінде тағы 10 адамды жауап алуға шақырды. Менің ойымша, нақты кінәлінің атын атайтын тергеудің аяқталуын күту керек», — деді әкесі Валерий Крылов.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Oinet.kz