Мәскеуліктер Димаш туралы ролик түсірді

0

Мәскеудегі Димаштың жанкүйерлер клубы қала тұрғындарының қазақстандық әнші туралы ойын біліп қайтты

Мәскеудегі Димаш Құдайбергеннің MoscowDears фанклубы қала тұрғындары мен қонақтарынан Димаштың шығармашылығы туралы сұрап білді. Олар әншінің әндерін тыңдадып, тыңдарманның қандай әсерде қалғанын сұрады.

Мәскеуліктердің арасында Димаштың шығармашылығымен таныс тыңдарманмен қатар, оның әнін бірінші рет естігендер де болды. Алайда бәрі қазақстандық әншінің ерекше даусы мен дарынын бәрі мойындады.

Тағы оқыңыз: «Қауіпті болуы мүмкін»: Димаштың ұстазы шәкіртіне қандай кеңес бергенін айтты

Димаштың жанкүйерлер клубы Германия, Корея сынды елдерден келген туристердің де ойын білді. Толығырақ видеодан көре аласыз.



sputniknews.kz