«Мәскеулік және Питерлік орыстар үшін, біз қазақ ұлты малдың қатарындамыз» — Нұртас Айдарбеков

0
4254

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков Ресейден Қазақстанға ағылып келіп жатқан ресейлік туралы айтты.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Құрметті менің қазағым, және кеңес одағын көрмеген жас буындар! Мен негізі ұлтшыл адамға жатпаймын, бірақ кеудемдегі қазақ деп соғатын жүрегімді жер астына жерлей салуға бүгінгі таңда басымды кесіп алсада дайын емес екендігімді жария етуге дайынмын. Құрметті ағайын біздің қазақ қонақ жәй ия, бірақ басыңа шығып кеше ғана қазақта жер жоқ, оларға орыс жерді сыйлық етті деп айқайлап, менің бабамның қол астында кезінде құл болғандардың айтқан сөзін ести отырып, неге біздің жастарымыз , әсіресе мына солтүстік , және Орал қаласының блогер сымақтары неге соншама асты үстіне түсіп жағдай жасап жатырсыздар? Тағыда қайталап айтамын, мен ұлтшыл , не болмаса жүрегі жоқ адам емеспін. Бірақ біз неге сондай басымызға теуіп жатқан халықты қойнымызға аламыз, қайда біздің ата бабадан қалған қасиетіміз? Жандарым-ау өз қазағыңды, екі күндік артық пайда үшін пәтеріңнен шығарып, жауды кіргізіп соншама не көрінді, жауды аяған жаралы деп мен айтқан жоқпын, атаң қазақ айтқан. Мүмкін біреулер айтар мені: әрине бұның қарны тоқ, ақшасы көп, сосын үйінде жатып алып айта береді деп, кешіріңіз, менің Нұртас болғаным кеше , және менің қарнымның тойғаныда кеше мойындаймын. Тек менің айтарым қазақтың байына да, кедейіне де ешкім бір нәрсені қараптан қарап әкеліп берген жоқ, сөзімнің мағанасын ұғынған боларсыз. Жалпы мен,бір қазақ маған қол ұшын созбады деп ешкімге өкпелеген жан емеспін. Тек әуелі Алла, содан соң қара тер. Бұл жерде айтқым келгені ағайын “Орыстан болса жолдасың , ай балтаң болсын жаныңда”-деген сөзді атаң сенің айтып кеткен. Мұның ішінде, әсіресе Мәскеулік және Питрлік орыстар үшін, біз қазақ ұлты малдың қатарындамыз. Бұл жайында мен өте көзіммен көріп, жүрегіммен сезінген адаммын. Ал қазағым ойлан. Қазақ қонақ жай деген екен деп, кешіріңіздер қатты кетсем қаным қайнап, ұлы сөзде ұят жоқ дегендей, көтке кіргеннің де жөні болатын шығар, кешіріңіздер ағайын», — деп жазды Нұртас Айдарбеков.