Мәскеудің «Ең сұлу келіншегі» атанған әйел көпшілікті шошытты (фото) — новости Казахстана

0

«Миссис Мәскеу — 2018» атағын жеңіп алған Екатерина Лифшицтің сыртқы келбеті желідегілердің қызу талқысына түсті. 35 жастағы келіншекті көпшілік «жасандылығы» үшін айыптаған деп жазады dni.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Екатерина Лифщиц. Фото: dni.ru

Екатерина Лифщиц. Фото: dni.ru

2 желтоқсан күні Мәскеуде өткен «Миссис Мәскеу — 2018» байқауында жеңімпаз атанған Екатерина Лифщицке «әділ жеңіске жетпеді» деген сын тағылуда.

«Масқара», «Мынаны кім сұлу деп таңдаған?», «Әділ қазылардың көзі соқыр шығар», «Сұлулық байқауына пластикалық ота жасатқандарды қатыстырмау керек»;

«Мына келіншектің барлық жері жасанды ғой», «Басқа қатысушыларға обал болды», «Ақшасы көп шығар», «Пластикалық отамен өзін құбыжыққа айналдырған адамды сұлу деп таңдағандары несі?», «Ұят екен. Бұл байқауды өткізбеген дұрыс еді», — деп жарыса пікір қалдырған желі қолданушылары.

Ал Екатерина Лифшиц желідегі парақшасында өзін сынаған көпшілікке жауап қайтарды.

«Әр адам өзінің өмірін бақытты ете алады. Болмаса, өзгенің бақытын сыртынан тамашай алады. Ақылды адам барлығын тек өзінен талап етеді. Ал ақымақ адам өзгелерді сынайды. Барлығыңызға айтарым: Өзгенің өмірін өсектеп жүріп, өз бақыттарыңызды жоғалтып алмаңыздар. Өмір — бұл бақыт», — деп жазған.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар