Мәскеудегі қазақ диаспорасы қорының басшысына жалған ақпарат таратты деген айып тағылды

0

Мәскеудегі «Қазақ диаспорасы» коммерциялық емес ұйымының басшысы Полат Жамаловқа Ресей армиясы туралы «жалған» ақпарат таратты деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәскеу қаласының жалпы юрисдикция соттарының мәліметінше, Останкино аудандық соты Жамаловқа қатысты белгілі бір әрекеттерге тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

«Мәскеу қаласының Останкино аудандық сотының қаулысымен, Ресей Қылмыстық кодексінің 207-3-бабының 2-тармағының «д» бөлімінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған Джамалов Полат Онеровичке қатысты белгілі бір іс-қимылдарға тыйым салу түрінде бұлтартпау шарасы тағайындалды. Оған 1 ай 3 тәулікке, 2024 жылғы 11 қыркүйекке дейін белгілі бір іс-қимылдарды жасауына тыйым салынады», – делінген сот хабарламасында.

Сот қандай әрекеттерге тыйым салынғанын мәлімдемеді.

«Тергеу нұсқасы бойынша Джамалов өз іс-әрекеттерінің құқыққа қайшы сипатын және қоғамға қауіп төндіретінін түсінген. Ресей халқына деген құрмет пен сенімге, елдің қарулы күштерінің және іс басындағы мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтіру және дискредитациялау  түрінде қоғамдық қауіпті салдарлары болатынын болжап білген. Ол саяси, ұлттық жеккөрініш пен араздықты тудыру мотивтерін басшылыққа алып, «Интернет» желісінде шындыққа жанаспайтын жарияланым шығарған», – делінген хабарламада.

БАҚ алғаш рет жыл басында Жамаловтың тергеуге алынғанын хабарлады. «Верстка» басылымы қаңтарда Ресей Тергеу комитетінің жабық есебіне сілтеме жасай отырып, Мәскеудегі қазақ қоғамының жетекшісіне қарсы «әскери жалғандық»бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазған. Журналистердің айтуынша, іс 2023 жылдың қыркүйегінде ашылған.

Бұған Жамаловтың Facebook парақшасында 2022 жылдың тамыз айының ортасына қарай Украинадағы соғыста 48 759 ресейлік сарбаздың қаза тапқаны туралы құжаттың суретін қоса берген жазбасы себеп болды.

Бұл құжатты Ресей Қаржы министрінің орынбасары Ирина Окладникова премьер-министрдің орынбасары Дмитрий Григоренкоға жібердідеген болжам бар. Құжатта «соғыс басталғалы айына орташа өлім саны – 8132», –деп жазылып қол қойылған.