Мәскеуде тағы екі қазақстандық жеңіске жетті

0

2018 жылғы 24 желтоқсан 01:18 511

 Кәсіби бокс: Мәскеуде тағы екі қазақстандық жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәскеудегі кәсіби бокс кешінде тағы екі қазақстандық спортшы рингке шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен Алматы облысында туып-өскен Константин Брусенский жартылай жеңіл салмақта кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін ресейлік Дагир Качакаевпен өткізді.

Бұл кездесу алты раундқа созылуы тиіс болатын. Константин оған жеткізбей, екінші раундта-ақ қарсыласын сұлатып салды. Нокаут!

Тағы бір қазақстандық, 25 жасар алматылық Али Балоев (7-0, 6 КО) бірінші ауыр салмақта сегіз раундтық бәсекеде Нигерия елінің өкілі Афинни Абиодунмен (6-1-1, 5 КО) шеберлік байқасты.

Кездесу барысында А.Балоевтың басымдылығы анық байқалып, оның ауыр соққылары әлсін-әлсін дарып жатты. Ақыры сегізінші раундта оң қолының соққысымен нигериялық боксшыны нокаутқа жіберді.

Еске сала кетейік,бұдан бұрын Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаевтың титулдық жекпе-жектерін жеңіспен аяқтағанын жазған болатынбыз.

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз