Мәскеуде табылған «маугли қыздың» анасы оны неліктен қоқысқа толы пәтерде ұстағанын түсіндірді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Мәскеуде қоқысқа толы пәтерде бірнеше күнін өткізген 5 жасар қыздың анасы неліктен қызын лас жерде қараусыз қалдырғанын түсіндірді.

Бұл туралы Ресейлік тергеу комиетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Тұтқындалған әйел тергеу кезінде қызын жалғыз тәрбиелеп отырғанын және жұмысқа барып, өз шаруаларымен сыртқа шығып келу үшін «біраз уақытқа» жалғыз қалдыруға мәжбүр екенін айтты. Оның сөзінше, мойнында несие қарызы бар және коммуналдық төлемдер үшін де берешек екен. Сондықтан ол пәтерін сатып, жаңа баспана алғанша танысының үйінде уақытша тұра тұрмақ болыпты. 

«Тергеушілер бұл мәліметтерді жан-жақты тексереді. Сонымен қатар пәтерді тиімді сатуға деген ниеті ананың және танысының балаға қатысты заңға қайшы әрекет жасауына себеп бола алатын-алмайтыны тексеріледі», — делінеді хабарламада. 

Еске сала кетсек, Мәскеудегі пәтерлердің бірінен қоқыстың арасында тұрып жатқан 5 жасар қыз табылған еді. Полицейлер көршілердің шағымынан соң пәтерді ашып көрген. Көршілері әлдеқандай бүлдіршіннің күні-түні жылағанын айтып шағыманыпты. Бүлдіршін әбден арықтап, анорекцияға шалдыққан, терісіне алқасы жабысып өсіп кеткен.

БАҚ өкілдері қызды Маугли де атап кетті. Бүлдіршіннің анасы тұтқындалды. Оны тергеушілер жауапқа алуда. Оған қатысты «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz