Мәскеуде қазақстандық талантты студент өзіне қол салды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Достары мен курстастары қазақстандық жігіт ешкіммен жанжалдаспағанын айтады 

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Ресейлік БАҚ Мәскеу мемлекеттік университеті химия факультетінің бесінші курс студенті Тамирлан Кирибаевтың қайтыс болғаны туралы хабарлады. Қазақстандық сыртқы істер министрлігі ақпаратты тексеріп жатыр.

Кирибаев Астана қаласындағы № 60 мектеп-лицейді бітірген, үш республикалық пәндік олимпиадада, сондай-ақ Мәскеудегі Халықаралық Менделеев олимпиадасында жүлдегер болды. Хобби ретінде YouTube-дағы ғылыми-танымдық арнаны жүргізді.

«Комсомольская правданың» мәліметінше, студент жатақханада бөлмесінде ес-түзсіз жатқан жерінен табылған. Оның көршісі дәрігерлерді шақырған, өкінішке қарай олар 23 жастағы жігітті ажалдан арашалап қала алмаған. 

Достары мен курстастарының айтуынша, талантты студент ешкіммен жанжалдаспаған, қандай да бір проблемасы жайлы айтпаған.

Алматы облысында жұмыстан қуылған тәрбиеші өзіне қол жұмсады 



sputniknews.kz