Мәскеуде полицеймен төбелескен жігітті Қадыровтың адамдары іздеп жатыр

0

Мемдума депутаты, Рамзан Қадыровтың кеңесшісі Адам Делимханов Алексей Навальныйды қолдау акциясы кезінде сарбаздармен төбелескен шешен жігітіне үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат агенттігі.

23 қаңтарда Мәскеуде шешен жігіті ерекше мақсаттағы милиция жасағымен төбелесіп қалған болатын. Видео әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Видеода жігіт құлап түскен кезде сарбаздар оны дубинкамен ұрып жатқаны, ал митингіге келгендер оны құтқарып қалмақ болғаны көрінеді.

Чеченец схлестнулся в рукопашную против полицейских. #23января pic.twitter.com/0XzodSaKCr

— Djokhar Dudaev (@DjokharDudaev) January 23, 2021
Делимханов Instagram желісіндегі парақшасында үндеу жасады. Ол жігіт оппозициялық көзқарастан бас тартса Қадыров заңға қатысты мәселесін шешіп беретінін айтқан.

«Бәріңіз әлеуметтік желіде шешен жігіті мемлекеттік қызметкерлерге қол көтергенін көрген боларсыздар. Сенің жасағаның қылмыс. Себебі Навальный секілді «еркек еркекке үйлене алады» дейтін адамдар сәйкес келмейді және сәйкес келмеген де. Сенің әкеңмен сөйлестік, егер сен оппозицияны қабылдамай, батырлық, шешен, мұсылман позициясын ұстансаң маған дайректке жазып, менімен және достарыммен байланысқа шығасың», — дейді Делимханов.

Депутаттың сөзінше, жігіт ММУ-де (МГУ) оқиды және оның тобындағы адамдармен түсіндіру жұмысы жүргізілген.

«Олар сені жақсы жігіт дейді. Әкең сен ол адамдардың (митингіге шыққандардың) позициясын қолдамайтыныңды айтады», — дейді депутат.

Оның айтуынша, жігіт оппозиция позициясын ұстанса, «соңына дейін баруы керек».

«Сенімен, сол позицияны ұстанатындармен өзімізді қалай ұстау керегін білеміз. Бірақ егер сен олардың позициясын мойындамасаң Рамзан-қажы (Қадыров) заңға қатысты мәселеңді шешіп беретінін айтты», — дейді Делимханов.

Депутат митингіге шыққандарды «шайтан» деп атады.

«Митингіге шыққандар «еркек еркекке үйлене алатыны» туралы заңды қолдап отыр. Бұл заң олардың көңілінен шығады және олар заң мемлекетте қабылданғанын қалайды. Бізге ондай адамдар лайық емес. Ондай нәрсе ешқашан болмайды деп үміттенемін», — деді депутат.