Домой Жаңалықтар Мәскеуде ер адам Кремль қабырғасына «Молотов коктейльдерін» лақтырды

Мәскеуде ер адам Кремль қабырғасына «Молотов коктейльдерін» лақтырды

0
435

Желіде Мәскеудегі Кремль қабырғасына «Молотов коктейльдерін» лақтырып жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Полиция бұл фактіні анықтап жатыр.

Бұл туралы «OBOZREVATEL» хабарлайды.

Мұндай батыл әрекеттің видеосы Ресейдің Украинаға қарсы соғысының 28-ші күні, сәрсенбі, 23 наурызда ғаламторда  тарады. «Наразылық білдірушінің» кім екені белгісіз.

Бейнекадрларда жолдан өтіп бара жатқан көліктің терезесінен түсірілген. Ер адамның бірнеше рет сермеп, қабырғаға «коктейльді» қалай лақтырғанын көруге болады. Оның қасында ешкім болған жоқ.

Кремльдің кірпіш қабырғасының тұтандырғыш қоспасы түскен жерлері қара түсті болып кетті.

Бұған дейін ер адам үш «Молотов коктейлін» лақтырған. Оны жауапқа тарту үшін жеке басын полиция анықтап жатыр.

Біраз уақыттан кейін тағы бір бейне пайда болды.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.

2 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресей әскері 5840 адамынан айрылды. Сондай-ақ, 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ, 862 бронетранспортер, 85 артиллериялық жүйе және басқа да көптеген техника жойылды. 28 ақпандағы жағдай бойынша 352 бейбіт тұрғын, оның ішінде 16 бала қаза тауып, 2040 адам жарақат алды.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің шабуылдың алғашқы сағаттарынан бастап азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқанын айтты. Президенттің айтуынша, Ресей басқыншы әскерлерінің Украинадағы әрекеттерінде геноцид белгілері бар.

27 ақпанда Украина «басқыншылықты ақтау мақсатында геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды» талап етіп, Халықаралық сотқа Ресейге қарсы шағым түсірді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханның өзі бастады.