Мәскеуде Борис Немцовты еске алуға 10 мыңнан аса адам жиналған

0
84
Advertisement

24 ақпанда Ресейдің бірнеше қаласында 2015 жылы 27 ақпанда өлтірілген оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу маршы өтті. Акциялар Немцов қазасына төрт жыл толуының қарсаңында ұйымдастырылған.

Бақылаушылар дерегінше, Мәскеудегі маршқа 10 мыңнан аса адам келген. Билік «6 мың адам шықты» деп хабарлады. Шеруден соң кейбір белсенділер Немцов қаза тапқан жерге гүл қою үшін Үлкен Мәскеу көпіріне барған.

Санкт-Петербургте билік рұқсат берген митинг өтті. Түрлі есеп бойынша, 2-3 мың адам келген.

Фотогалерея: Немцовтың өмірі мен қазасы

Бұған қоса ондаған қалада Немцовты еске алу акциясы пикет формасында өтті. Билік акция өткізуге рұқсат етпеген Томск сияқты қалаларда жалғыз адамдық пикет өтті.

Ресейлік оппозиционер Борис Немцов 2015 жылы ақпанның 28-іне қараған түні Мәскеу қаласында Кремльге жақын маңдағы көпір үстінде ту сыртынан атқан алты оқтан ажал құшты. Оның қазасы бойынша айыпталғандарға сот үкімі 2017 жылы шілдеде шыққан.

Саясаткерді атып өлтірген Заур Дадаевты 20 жылға бас бостандығынан айырды, тағы төрт адамға 11 жылдан 19 жылға дейінгі мерзімге түрме жазасы тағайындалды. Адам өлтіруге кім тапсырыс бергені әлі күнге дейін анықталған жоқ.​

Азаттық

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз