«Мәскеуде бетперде тағып жүрген ешкім жоқ. Бізде ғана жау шаптырады» — Иманбаева

0

Танымал әнші Айгүл Иманбаева Москваа ешқандай карантин жоқ екенін хабарлады. Бұл видео Қайсар Жанболат есімді Facebook қолданушысының парақшасында жарияланды.

— Москвада ешқандай карантин деген жоқ. Маска тағып жүрген наверно біздер қазақтар ғана. Қырғын адам, Метроның ішінде миллиондап жүр. Білмеймін әйтеуір бізде ғана жау шаптырады — дейді Айгүл Иманбаева.

Бұл туралы журналист Ардақ Құлтай видеоны қарағаннан кейін: «Дереу Мәскеу мэриясының сайтына кірдім. Расында, 13 тамыздан бері қалада карантин шектеулері алып тасталған. Бірақ адам көп жиналатын орындарда маска тағу талабы әлі де бар. 60 жастан асқандарға үйде отыруға кеңес берілген.

Сол сияқты бірталай шектеу әлі бар. Дүйім жұрт маска тақпай жүрсе, соны бізбен салыстырып, «біздің елдегі карантин бекер» деуге бола ма? Әрине, ар-намысына, жеке пікіріне қалдырамыз ғой» деп жазды.