Мәскеуде адамдар толып тұрған көпір қирады — Жаһан

0

Желіде Мәскеудегі Горкий саябағында адамдар тұрған көпірдің қирағаны түсірілген видео пайда болды. Оқиғадан 13 адам зардап шеккен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәскеу мэрі мен билігінің сайтында мұз алаңының бірнеше шаршы метрінің ғана сынғанын хабарлады. Бұл бөлігі қоршауға алынып, қалған бөлігінде келушілер емін-еркін жүре алады екен.

«13 адам жәрдемге жүгінді, оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Ауыр зардап шеккен ешкім жоқ», — делінген хабарламада.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz